Астанада шахматтан «Senat Open» кубогының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін шахматтан «Senat Open» кубогының финалы өтті. Іріктеу кезеңінде 8 мыңнан астам әуесқой шахматшы бақ сынаған еді. Қатысушылар қатары былтырғыға қарағанда 3 есе көп. Турнирге дәрігерлер, педагогтер, БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Нәтижесінде 10 санат бойынша жеңімпаздар анықталып, өңірлік командалар арасындағы үздіктерге 20 кіші кубок табысталды. Ал турнирдің ең үздік командасына «Senat Open 2026» кубогы тапсырылды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Соңғы жылдарда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің бастамасымен елімізде шахматты дәріптеуге үлкен мән беріліп келеді. Осы бағыттағы бастамаларды қолдау мақсатымен біздің палата «Senat Open» турнирін қолға алған еді. Жарыс биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биыл турнирдің ауқымы кеңейіп, жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға толық негіз бар.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16