Ел жаңалықтарына шолу
Елімізде тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 200 мыңнан астам адам тұрақты қызметке тұрған. Оның 75 мыңы жастар болса, 81 мыңы қыз-келіншектер. Осылайша, еңбек нарығында оң үрдіс сақталып отыр.
200 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты
Жарты жылда 200 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ұлттық жобалар мен өңірлерді дамыту жоспарлары аясында биыл 40 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Жылдың алғашқы жартысында-ақ оның 8 мыңға жуығы ашылып үлгерді. Ал мансап орталықтарының қызметімен 17 мыңнан аса мүгедектігі бар азамат қамтылды.
Көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Жүргізуші куәлігі, көліктің техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмірін үйге жеткізу қызметі іске қосылды. Жаңа қызмет «ЦОН» мобильді қосымшасында іске қосылды. Тапсырыс берілген құжаттар дайын болғаннан кейін айтқан жеріңізге жеткізіліп беріледі. Ал курьердің қозғалысын қосымша арқылы онлайн бақылауға болады.
Ғалымдар 56 күн демалатын болды
Енді ғалымдар 56 күн демалатын болды. Тиісті заңға Президент қол қойды. Заң аясында ғылыми қалашықтар мен технологиялық парктерді дамыту, ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіру қарастырылған. Зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға қолдау көрсету де осы заңда нақтыланды.
Үздік туристік ауылдар анықталды
2026 жылғы үздік туристік ауылдар анықталды. Көшті Жетісу облысындағы Басши ауылы бастап тұр. Павлодарға қарасты Торайғыр, Шығыс Қазақстандағы Берел мен Коробиха және Солтүстік Қазақстан облысының Имантау ауылдары үздіктердің қатарында. Байқау ауыл туризмін, табиғи және мәдени мұраны дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы