Қызылорда облысында 10 адам Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған
Қызылорда облысында кенеден келетін кесел азаймай тұр. Жаз шыққалы өңірде 800-ге жуық адам зиянкестерден зардап шеккен.
Кене шаққан 10 адам Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған. Өкінішке қарай, дерті асқынған бір науқас көз жұмды. Ал дер кезінде дәрігерге жүгінген 6 адам тиісті ем-домын алып, ауруханадан үйіне шығарылды.
Жалпы, мамандар облыс аумағындағы 74 елді мекенді қауіпті ауру тасымалдаушы кенелердің табиғи ошағы деп белгілеген. Бүгінде зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталып, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Жанар Жетілгенова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Осы кенелердің 10-нан аса түрі кездеседі. Залалсыздандыру жұмыстарының екінші кезеңі 74 қолайсыз елді мекенде жүргізіледі. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен, Ұлттық сараптама орталығымен және ветеринариялық қызметпен бірлесіп, жұмыс кестесі дайындалып отыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
25.06.2026, 17:37
Қазақстан экономикасына 4 жылда 5,2 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылды
25.06.2026, 17:36
Ресейде санкция салдарынан ипотека алу қиындады
25.06.2026, 17:34
«Айбын-2026»: Қазақстан құрамасы бас жүлде иеленді
25.06.2026, 17:34
Германияда зейнет жасы көтерілуі мүмкін
25.06.2026, 17:32
Жетісу жерінен көне өркениеттің ізі табылды
25.06.2026, 17:32
Республикалық Qadam Media форумы өтті
25.06.2026, 17:29
Алматыда күн сайын 300 бала әртүрлі жарақат алады
25.06.2026, 17:28