Республикалық Qadam Media форумы өтті
Оралда журналистерге арналған республикалық Qadam Media форумы өтті. Кәсіби мереке қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өзара пікір алмасты, журналистиканың бүгіні мен келешегін талқылады. Әріптестерге Қазақстан Журналистер одағының марапаттары табысталды.
Qadam Media форумы осымен екінші рет, бұл жолы республикалық деңгейде өтіп отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған шарада тележүргізуші, тіл тазалығының сақталуына, сөйлеу мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген кәсіби маман Мөлдір Досбай білім-білігін ортаға салды. Ал жаңа медиа өкілі Дастан Мүрсәлім креативті журналистика, желіде өз брендін қалыптастыру туралы сөз қозғады.
Дастан Мүрсәлім, журналист:
Ақпаратты тек қана жазып қана қоймай, оны әлеуметтік желіде тарата білу керек. Көбінесе, газет тілшілеріне арналады. Қара қылды қақ жарып айтады да, бірақ желіне шықпайды. Біз Тик-токты тек жаман дүние ретінде қабылдап қалдық. Соны біз жақсы жағынан, ақпарат тарату мақсатында, бәрін қатар дамытсақ деймін.Өңірде 123 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Екі телеарна, 98 газет, 12 сайт, 13 ақпарат агенттігі жұмыс істейді. Солардың ішінде аймақтың айнасы атанған AQJAIYQ телеарнасының орны бөлек. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының облыстық филиалы тәулігіне 14 сағаттық хабар таратады. Оның 70 пайызы – төл өнімі. 30-ға жуық хабардың 10-нан астамы тікелей эфирде өтеді.
Тәтті Өтеғалиева AQJAIYQ телеарнасының шеф-редакторы, ҚР ақпарат саласының үздігі:
Журналист деген жанкешті мамандық қой. Күн-түн демейсің, бұл жерде 24/7 жұмыс істейсің. Мен осы салада еңбек еткеніме 27 жыл бопты. Әрбір дайындаған біздің төл туындымыз эфирге шыққан соң, көрерменнің ықыласын сезіну – журналист үшін ең үлкен бақыт сол.Форумда Ақтөбе, Атырау өңірлерінен келген ақпарат саласының қызметкерлері әріптестерімен тәжірибе алмасты. Ақпарат жауынгерлері Қазақстан Журналистер Одағының «Алтын медалі», «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгілерімен, «Құрмет» грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12