Алматыда күн сайын 300 бала әртүрлі жарақат алады
Алматыда жаз маусымы басталғалы жарақат алатын балалар саны артып келеді.
Дәрігерлердің айтуынша, күн сайын Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травмпунктіне түрлі жарақатпен 300-ге жуық бала жеткізіледі. Мамандардың сөзінше, ең жиі кездесетін жағдайлар – велосипед, самокат, ролик теуіп немесе ойын алаңдарында ойнап жүріп жарақат алу.
Іңкәр Маташева, қала тұрғыны:
Балам қатты жылаған соң, қатты қорқып кеттім. Ойын алаңындағы батуттан құлап, бұғанасын сындырды. Дәрігерлер 1,5 сағат операция жасап, сынған сүйекті дұрыс қалыпта ұстап тұру үшін иығына үш металл бекіткіш қойды. Қазір жағдайымыз тәуір.
Мамандарды әсіресе электросамокатпен болған жағдайлар алаңдатып отыр. Дәрігерлер мұндай оқиғалардың салдарын көлік апатынан кейінгі зардаптармен теңестіреді.
Бақыт Қожаханов, Қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматолог-ортопеді:
Көбінесе қолдары сынады, бұғана мен ішкі ағзалардың жарақаты болады, көкбауыр, бауыр жыртылады, содан кейін бүйректерінен өте көп зақым алып қалады. Басымен өте көп құлайды. Бас жарақаттары ауыр болады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05