Aqsham Talks алаңында кітап болашағы талқыланды
Жасанды интеллект дәуірінде балаларды кітап оқуға қалай қызықтырамыз? Бүгін Астанада өткен Aqsham Talks алаңында осы өзекті сұрақ талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, кітап - жай ғана ақпарат көзі емес, адамның ойлау қабілетін дамытатын басты құрал. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген.
- Біз көзімізбен оқимыз деп ұғамыз негізі. Ал нейро ғылымда дәлелденген ақиқат адам миымен оқиды.
Қарапайым тілмен айтсақ, кітап оқыған сайын ми жұмыс істейді, ал экранға ұзақ
телмірген сайын ми дайын ақпаратты ғана қабылдауға үйренеді. Сондықтан бүгінгі
таңда балалардың қолына телефон емес, кітап ұстату – болашаққа салынған
инвестиция, - дейді мамандар.
Арын Құнанбайұлы, Қазақ – Британ университетінің оқытушысы, филолог-зерттеуші:
Ми болса оқуға дайын болып тумайды. Біздің миымыз сөйлеуге дайын болып туады. Тыңдауға дайын болып туады. Оқу ол үшін өте бір таңсық акт деп айтсақ болады. Экран көп көрген баланың миындағы ақ затының байланысы,ақ заттың көлемі азайған деп келтіреді. Ақ зат деп отырғанымыз нейрондар мен аксондардың тұратын жері.
Дегенмен сарапшылар технологиядан толықтай бас тарту керек демейді. Керісінше
жасанды интеллектіні дұрыс пайдалану арқылы баланың кітапқа және тарихқа
қызығушылығын арттыруға болады. Мысалы,
арнайы чат-боттар арқылы балалар қазақ хандарымен «сөйлесіп», тарихи
кезеңдер туралы сұрақтарына жауап ала алады. Осындай мүмкіндікті ЖИ маманы
Тимур Бектұр ұлына жасап беріпті.
Тимур Бектұр, ЖИ маманы:
Әрбір ханмен жеке-жеке сөйлесу үшін чат бот жасап қойғанмын. Яғни менің ұлым Әбдірахман сол чат ботқа кіріп, интерактивті тайм лайн деп аталады. Соны басып отырып, Керей-Жәнібек хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан заманына өтіп, сол кезде не істеді, сол кезде Қазақстанның территориясы қандай болды деген сияқты сұрақ қоя алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама бір реттік кездесу емес.
Олжас Сыдықбек, «ELORDA Aqparat» медиахолдингінің директоры:
Aqsham Talks деп біз бүгінгі күннен бастап Астана ақшамы газетінің бетінде жаңа рубрика ашып жатырмыз. газетінің бетінде тұрақты түрде бұл айдар жүріп отырады. Осы зерделі ұлт қалыптастыру мәселесі бойынша жаңағындай кітаптың айналасында, кітап оқу мәдениетінің төңірегіндегі сұхбаттар, материалдар, ақпараттар жаңағы пікірталатардың барлығы осы газет бетінде жалғасады әрі қарай.
Астана ақшам газетіндегі жаңа айдар бүгіннен бастап оқырманға жол
тартады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ шолу: Португалия – Өзбекстан
24.06.2026, 17:30
Реформаларға арналған кітап пен аналитикалық жинақ шықты
24.06.2026, 17:25
«Айбын – 2026»: Зияткерлік ойындар өтті
24.06.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 17:18
Халық кеңесі мен Құрылтай құрылады
24.06.2026, 17:15
Ресей дизельді отынды экспорттауға тыйым салмақ
24.06.2026, 17:12
«Ақтау – Доссор» автожолын жөндей бастады
24.06.2026, 17:10
Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылуы мүмкін
24.06.2026, 17:07