Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

«Болашақ» гранты иегерлері анықталды
«Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша конкурс қорытындыланды. Нәтижесінде 184 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Шетелде білім алуға жолдама алған 184 адамның 137-сі магистратура бағдарламалары бойынша, 10 адам докторантура бойынша білім алады. Ал 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сондай-ақ, бакалавриатқа түсуге жеңілдік жасайтын халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары және халықаралық орындаушылар байқауларының тізімі кеңейтілген.
Қазақстан интернеті – әлемдегі арзан интернеттердің бірі
Қазақстандағы интернет әлемдегі ең арзан интернеттердің бірі деп танылды. Global Broadband Price League-ның жаңа рейтингінде Қазақстан үй интернетінің құны бойынша 214 елдің ішінде 19-орынға жайғасты. Есептеу кезінде жаңа абоненттерге арналған уақытша жеңілдіктер, қосылу ақысы, роутер құны, кэшбэк және басқа да жарнамалық ұсыныстар ескерілмеген. Тек тұрақты ай сайынғы төлем негізге алынған.
Сарбаздар азық-түлікке онлайн тапсырыс бере алады
Енді сарбаздар арнайы терминалдар мен планшеттер арқылы азық-түлік және күнделікті қажетті тауарларға онлайн тапсырыс бере алады. Мерзімді әскери қызметшілерге арналған Voenmart жаңа сервисі пилоттық режимде іске қосылды. Жоба әзірге Астана мен Алматы облысындағы әскери бөлімдерде сынақтан өтуде, тиімділігі дәлелденсе, ел бойынша енгізіледі.
26.06.2026 күні Алматыда 830 жұп неке қимақшы
Алматыда 26 маусым 2026 жылды «әдемі дата» деп таңдаған 830 жұп некесін қидырмақ. Жыл басынан бері мегаполисте шамамен 7 мың жұп отбасы құрған. Алматы бұл көрсеткіш бойынша Қазақстанда көш бастап тұр. Некеге тұрғандардың арасындағы егдесі 92 жаста, ал ең жасы 16-да. 

Бөлісу