Басты Жаңалықтар Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылуы мүмкін

Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылуы мүмкін

Қытайдың жетекші автокөлік өндірушілері Қазақстанда көлік құрастыру зауыттарын ашуға ниетті. Жоспар бойынша, алдағы жылдары елімізде мыңдаған темір тұлпар шығарылуы мүмкін. Қытайда өткен «Жазғы Давос» экономикалық форумы аясында Премьер-министр Олжас Бектенов сол елдің бірқатар жетекші компания басшыларымен кездесті. Жүздесуде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, цифрландыру, автомобиль жасау және энергетика салаларындағы бірлескен жобалар талқыланды. Атап айтқанда, Қызылорда облысында заманауи суару жүйелерін шығару, көмір химиясы мен металлургия өндірістерін дамыту, сондай-ақ елімізде жасанды интеллектке негізделген ірі деректер орталығын салу мәселелері қаралды. Ал әлемдегі ең ірі аккумулятор шығарушыларының бірі Қазақстанда батареялар мен энергия сақтау жүйелерін өндіру жобасын қарастырып жатыр. Жиын соңында Олжас Бектенов Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін ашық екенін айтып, ұсынылған бастамаларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.


Бөлісу