Алматыда балалар арасында ішек инфекциясы көбейді
Алматыда жаз басталғалы ішек инфекциясына шалдыққан балалар саны азаймай тұр. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға күн сайын он шақты бала түсіп жатыр. Әсіресе мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер басым. Мамандар науқастар көбіне іш ауруы, құсу, дене қызуының көтерілуі, тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік белгілерімен түседі, - деп отыр. Ішек инфекциясының алдын алу үшін нені ескеру қажет? Дәрігерлер қандай сақтық шараларын ұсынады? Айдана Қуантхан жалғастырды.
Сәбрия Именованың жеті айлық сәбиінің бірнеше күн қатарынан қызуы көтеріліп, іші ауырып, мазасы кеткен. Дәрігерлер тексеруден кейін оның ішек инфекциясын жұқтырғанын анықтапты.
Сәбрия Именова, Алматы тұрғыны:
Жылап келгенмін көмектесіңізші деп, кішкентай әлі. Білмеймін не істерімді. Сақтанып жатырмын, бірақ ауырды. Білмеймін неге екенін. Бүгін жақсы. Күледі, ойнайды, тамақ ішеді.
Қала бойынша соңғы бес айда жедел ішек инфекциясымен 1300-ден аса науқас ауырған. Олардың 70 пайызы 4 жасқа толмаған
балалар, - дейді санитар дәрігерлер. Ал энтеровирус жұқтыру салдарынан серозды
менингитке шалдыққан 7 адам тіркелді. Оның бесеуі бала. Мамандардың айтуынша,
бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға артқан.
Ақмаржан Сапарбекова, балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
Бізде жиі осындай уақытта балалар науқастар көбейеді. Келген балаларға бізге біріншілік көмек жаңағы құсып жатқан балалардың асқазанын жуып, бірінші көмек жасаймыз. Және сусындаған балаларға терапия жасаймыз. Дене қызуы жоғарылап жатқан балаларға симптоматикалық дене қызуын түсіретін дәрілер береміз. Және де қан талдамалық жолдармен антибиотиктер тағайындаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы