Мемлекет басшысы мен Еуропа көшбасшылары біріккен мәлімдеме қабылдады
Мемлекет басшысының Бельгияға ресми сапары аясында Еуропалық Кеңестің Президенті Антониу Кошта және Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен нәтижелі келіссөз жүргізіп, бірлескен мәлімдеме қабылдады. Сонымен тараптар кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өзара байланысты нығайтуға уағдаласты. Екіншіден, инвестициялық серіктестікті жетілдіріп, шикізат материалдары, энергетика, көлік, цифрландыру және жаңа технологиялар бойынша байланысты арттырмақ. Үшіншіден, транскаспий көлік дәлізінің Еуропалық Одақтың «Жаһандық қақпа» стратегиясы аясында әлеуетін кеңейтеді. Авиациялық келісім негізінде жаңа бағыттарды көбейтіп, визалық режимді жеңілдету қарастырылған. Шикізат, аккумуляторлар және «жасыл» сутегі салаларындағы стратегиялық әріптестікті іске асыру үшін жол картасын әзірлеу қажет. Еуропалық инвестициялық банк жол инфрақұрылымына 150 млн еуро бөлетін болды. Қазақстан Францияның «Airbus» компаниясынан 50 ұшақ сатып алады. Сондай-ақ жасыл энергетикаға көшу, білім саласындағы ынтымақтастық нығайту бастамаларын қос тарап та құптады.
Бірлескен мәлімдеме:
1. Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады2. Инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіріп, бірқатар саладағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті3. ЕО-тың «Жаһандық қақпа» стратегиясы аясындағы ынтымақтастықтың кеңеюін құптады4. Жаңа әуе рейстерін ашып, виза беруді жеңілдету туралы келісімді құптады5. Шикізат, аккумулятор және «жасыл» сутегі құн тізбектерін құру салаларында Жол картасын іске асыру қажет.6. Еуропалық инвестициялық банк және Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықтың нығаюын құптады7. «Air Astana» мен «Airbus» арасында жалпы құны 7,145 миллиард еуроны құрайтын келісімді құптады8. «Жасыл» энергетикаға көшу білім беру, зерттеулер жүргізу және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты құптады9. Көшбасшылар адам құқықтары, құқық үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша диалогтың жалғасуын құптады10. Бейбітшілікке, қауіпсіздікке және тұрақтылыққа, сондай-ақ БҰҰ Жарғысын сақтауға қатысты ортақ ниеттерін білдірді
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы