Басты Жаңалықтар Шетелден онлайн тапсырыс беру ережесі өзгереді

Шетелден онлайн тапсырыс беру ережесі өзгереді

1 шілдеден бастап Қазақстанда шетелдік интернет-дүкендерден тауар сатып алу тәртібі өзгереді. Жаңа ережелер AliExpress, Temu, iHerb және басқа да халықаралық платформалар арқылы тапсырыс беретін азаматтарға қатысты. Енді электронды сауда тауарлары жеке санат ретінде рәсімделеді. Бұрынғыдай 200 еуроға дейінгі тауарлар баж салығынан босатылады. Ал бұл сомадан асқан жағдайда сатып алушы тауар құнының 5 пайызын кедендік баж ретінде төлейді. Бұған қоса қосылған құн салығы да есептеледі. Сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен жиі әрі көп көлемде тауар әкелетін азаматтарды бақылау күшейеді. Егер тауар жеткізу көлемі кәсіпкерлік мақсатта деп танылса, толық кедендік рәсімдеу мен тиісті төлемдерді төлеу міндеттеледі. Мамандардың айтуынша, мұндағы мақсат - электронды сауданы заңдастыру және көлеңкелі импорттың алдын алу.

Бөлісу