ҚР Сыртқы істер министрі бельгиялық әріптесімен келіссөз жүргізді
Президенттің Брюссельге ресми сапары аясында еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев бельгиялық әріптесі Максим Превомен келіссөздер өткізді. Тараптар Қазақстан-Бельгия әріптестігінің қазіргі деңгейін жоғары бағалап, саяси диалогты одан әрі тереңдету, сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастарды жан-жақты нығайту жайын талқылады. Сондай-ақ қос министр көпжақты алаңдардағы екі елдің ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Бельгия әріптестігін одан әрі нығайтуға, ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.
Максим Прево, Бельгияның сыртқы істер министрі:
Бізге жартылай өткізгіштер өнеркәсібі, энергетика, қорғаныс және атом электр станциялары бағыты бойынша ынтымақтастық үшін мүмкіндік мол. Сол үшін біз өз стратегиямызды әзірлеуді жоспарлап отырмыз және Қазақстанның маңызды шикізат материалдарына үміт артамыз. Сондықтан бұл сапар екі ел қатынасын онан әрі нығайтатыны сөзсіз. Бельгия - Еуропаға апаратын қақпа болса, Қазақстанның да Орталық Азияға апаратын қақпаға айналатынына сенімдімін.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда конақүй көп салына бастады
13.10.2026, 13:17
Жыл басынан бері 299 дроппер сотталды
13.10.2026, 13:15
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
13.10.2026, 13:13
Түркітілдес жастар фестивалі өтті
13.10.2026, 13:10
Қаңтар-маусымда Қазақстанның ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті
13.10.2026, 13:07
Халық кеңесі қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтады
13.10.2026, 13:07
Бельгия Королі мен Патшайымының Қазақстанға сапары шетелдік БАҚ назарында
13.10.2026, 13:06
Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар 75 мыңға жуықтады
13.10.2026, 13:05