Бейбіт күннің батырлары
Елімізде полиция қызметкерлері жыл сайын мыңдаған
адамның өмірі мен қауіпсіздігін қорғайды. Олар қылмыстың алдын алып қана
қоймай, өрттен, жол-көлік оқиғаларынан және түрлі төтенше жағдайлардан
азаматтарды құтқарады. Қауіп төнген сәтте өз өмірін қатерге де тігеді. «Бастысы
ерлік жасап, батыр атану емес, кәсіби міндетке адалдық пен азаматтық борышты
бұлжытпай орындау» дейді келесі бейнесюжетіміздің кейіпкерлері.
Семейдегі
арнайы мақсаттағы жасақ қызметкері, Ертай Қанафин жұмысқа бара жатып, оқыс
оқиғаның дәл үстінен түскен. Көпқабатты тұрғын үйдің бірінен шығып жатқан қою
түтінді байқаған. Құтқарушылардың келуін күтпей өзі жедел әрекетке көшіпті.
Жанып жатқан үйдің екінші қабатындағы терезені сындырып
ішке кіріп, тұрғындарды
түгел эвакуациялаған.
Ертай
Қанафин, ПД жылдам
қимылдау арнайы жасағының инспекторы:
Ашық тұрған балконның ішіне кіріп, кірсем 81 жастағы қарт адам жатыр екен. Сол кісіге түтін көп кіріп жатқаннан кейін сол кісіні оятып, сол кісінің подьезінен далаға шығып бүкіл тұрғынды 5 этажға дейін қайта жүгіріп шығып, бүкіл тұрғынды құтқарып далаға алып шықтым. Менің ажалым сол жерде келіп тұруы мүмкін да. Ондай ештеңе миыма келген жоқ. Ең бастысы халықты құтқарып алу керек болды.
Ал арнайы
мақсаттағы жасақта бес жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Бекзат Қайдаров
Алакөл жағасында батып кеткен 18 жастағы жігітті су түбінен алып шыққан. Кейін
жедел жәрдем жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ес-түссіз жатқан
жігіттің аман қалуына себепкер болды.
Бекзат
Қайдоров, ПД жылдам қимылдау арнайы жасағының аға инспекторы:
Бала бетімен жатыр екен судың түбінде. Алдым да судың түбінен белінен ұстадым да жоғары қарай ытқып секіріп шығып кетемін деп ойлағанмын. Шыға алмай қалдым. Тартынып, тартынып. Балаға қараймын, оны жіберсем оның бәрі уақыт деп ойладым. Өліп кете ме деп қорықтым. Сөйтіп судың бетіне алып шықтым әрең дегенде.
Бұл қиын
кезде адам өміріне арашашы болған полицейлер жайлы бірер мысал ғана. Төтенше
жағдайда қатерге басын тігетін бізге беймәлім бейбіт күннің батырлары қаншама.
Бүгінде Абай облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін
қадағалауда 3 мыңға жуық полиция қызмет етеді. Олар күн сайын заң
бұзушылықтардың алдын алып, өңірдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақшысы болып
жүр.
Абылай Нұрымов,
Абай облысы ПД бастығының орынбасары:
Біз өз кейіпкерлерімізді – батыл істерімен ерекшеленетін, қызметтік міндетін абыроймен атқаратын, спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізетін және өз еңбегімен қоғамның полицияға деген сенімін нығайтып жүрген жандарды мақтан тұтамыз. Полиция күні қарсаңында барлық жеке құрамға және ішкі істер органдарының ардагерлеріне антқа адалдығы, кәсібилігі мен өз ісіне берілгендігі үшін алғысымды білдіремін.
Бүгін
облыс полицейлері кәсіби мереке құрметіне орай салтанатты жиында бас қосты.
Құқық қорғау саласында қалтқысыз қызмет етіп жүрген, түрлі төтенше жағдайлар
мен оқыс оқиғалар кезінде ерлігімен көзге түсіп, кәсіби борышын адал
атқарғандар түрлі дәрежедегі марапттарға ие болды.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Айбын – 2026»: Жасөспірімдер мергендіктерін сынады
23.06.2026, 17:27
Қызылорда полицейлеріне 94 қызметтік автокөлік берілді
23.06.2026, 17:22
Елге қызмет – абыройлы міндет
23.06.2026, 17:20
Елдегі жаңалықтарға шолу
23.06.2026, 17:17
Қонаевтың жаңа келбеті: Қапшағай жағасындағы қала қалай өзгерді?
23.06.2026, 17:15
Қазақстанда білім алған америкалық оқушылар әсерлерімен бөлісті
23.06.2026, 17:12
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда $48 миллиардтан асты
23.06.2026, 17:10
Брюссельде «Орта дәліздің» стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 17:07