Елге қызмет – абыройлы міндет
Елге қызмет – абыройлы міндет. Бүгін – осы ұстанымға берік, антына адал мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекесі. Атаулы күнге орай еліміздің әр аймағында салтанатты іс-шаралар өтіп, сала үздіктері марапатталды.
1 шілдеден бастап «Мемлекеттік
қызмет туралы»
жаңа заң күшіне енеді. Бұл құжат мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға,
мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған. Оралда
өткен салтанатты жиында жаңа заңның тиімділігі талқыланды. Аймақтағы еңбеккерлер «Үздік мемлекеттік қызметші»,
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілерімен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Петропавлда да мемлекеттік қызмет саласына елеулі үлес қосқан азаматтарға
құрмет көрсетілді. Олардың қатарында Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық
округінің әкімі Мәдениет Қалиев те бар. «Мемлекеттік қызмет ардагері»
төсбелгісіне ие болған ол ширек ғасырдан бері бірнеше елді мекенді басқарып
келеді. Солтүстік Қазақстан облысында төрт мыңнан астам мемлекеттік қызметші
еңбек етеді.
Павлодар
Павлодарда мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері жастармен кездесті. Аға
ұрпақ өкілдері мемлекеттік дамудың бүгінгі бағытын бағамдады. Мемлекеттік
қызмет тек басқару жүйесі емес, қоғамды алға сүйреуші күш дейді олар. Ал
Ертіс-Баян өңірі басқару жүйесі кадрларын даярлау ұстаханасы болып саналады.
Бүгінде жастар да аға буын ізімен халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Маңғыстау облысы
Ал Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Адал азамат – Конституция негізі» атты
зияткерлік куиз ойыны ұйымдастырылды. Сайысқа екі қала мен төрт ауданнан,
облыстық басқармалардан 60-қа жуық мемлекеттік қызметші қатысты. 12 топ жеті
кезең бойынша бақ сынады. Тартысты өткен сайыста «Адал айна» командасы ұшқыр
ой, білім-білігімен басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12