Басты Жаңалықтар Елдегі жаңалықтарға шолу

Елдегі жаңалықтарға шолу

Қазақстандағы сауда көлемі 28 трлн теңгеден асты

Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, еліміздің ішкі сауда саласында тұрақты өсім байқалады. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша сауда саласының нақты көлемі былтырмен салыстырғанда 5,6%-ға артып, 28 трлн теңгеден асты.
Көтерме сауда 19,6 трлн теңгеге жетті
Елдегі көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6,5%-ға көп. Бөлшек саудада да оң динамика бар. Қаңтар-мамыр аралығында 9 трлн теңге болды. Жоғары көрсеткіш Алматы мен Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыснда байқалады.
Түркістанда үздік қызметерлер марапатталды
Түркістанда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиында үздік қызметкерлер марапатталды. Оларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттар табысталды. Бүгінде өңірдегі 520 мекемеде 6 300-ден астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді.
Бүгін Қазақстан полициясы күні
Бүгін – полиция күні. Осы ретте Петропавлда Ұлттық ұлан оркестрі арнайы концерттің бағдарлама ұсынды. Олар ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесімен әуендетіп жүріп өтті. Музыкалық бағдарлама GuardNext жобасы аясында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті етті.
Хайуанаттар бағындағы ақбөкендер төлдеді
Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді. Зообақ мамандары лақтардың тұрақты бақылауда екенін және жағдайы қалыпты екенін айтты. Жаңа туған ақбөкендер зообақтағы жануарлар санын ғана емес келушілердің қызығушылығын да арттырды.


Бөлісу