Бельгиялық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында Брюссельде жасанды интеллектіні, ғылымды, цифрлық инфрақұрылымды және ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Халықаралық ғылыми техникалық орталықпен бекітілген меморандум аясында қос тарап жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша ынтымақты арттырып, біріккен зерттеу жобасын жүзеге асырмақ. Еуропалық компаниялар Қазақстанға озық технологиясын енгізіп, инвестиция құйып, ғарыш саласында, суды үнемдеу бойынша тың жобалар жасауға ниетті.
Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
Ірі спутниктік технологиялар операторы SES компаниясымен және қазіргі уақытта Жамбыл облысында су тұтынуды талдау жобасын жүзеге асырып жатқан Hydrosat компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнаған. Біз ғарыш бағытындағы, спутниктік суреттерді және Жерді қашықтықтан зондтау жобаларын көбейтеміз. Осы сапар аясында және елімізге ресми сапар аясында екі ел барқатар құжаттарға, келісімдерге қол қояды.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09