Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті

Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті

Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Әрі шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елімізге сіздер сияқты білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет. Қай жерге барсам да жастарға қолдау білдіріп жүремін. Шын мәнінде, бұл жай айтыла салған сөз емес. Жастарға қолдау көрсету – мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа Ата заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Сонымен қатар жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды. Отандастар оқу мен жұмыстағы жетістіктері жөнінде әңгімелеп, келешек жоспарларымен бөлісті.

Аружан Болатбаева, Қазақ мәдени орталығының басшысы:

Президент мырза Қазақстанның болашағы туралы айтты. Жаңа технология туралы айтты. Брюсселде қазақ мәдени орталықтары бар. Қазақ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, домбыра өнерін үйрету мақсатында аштық. Балалар да, үлкендер де, шетелдіктер де қазақ тілін үйренемін деп біздің орталықтарға келеді.

Исламбек Сман, студент:

Мен үшінші курс студентімін. Осы жерде Google командасының корпоративтік менеджері боламын. Өмірімде бірінші рет Президентті кездестірдім және өте қатты қобалжыдым. Президентті шын өмірде көргеніме өте қатты қуаныштымын.


Бөлісу