Президент: Қазақстан мен ЕО стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін бастайды
Қазақстан Еуропамен стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін бастайды. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Euronews басылымындағы авторлық мақаласында жарияланды. Экономикалық тұрақтылықты күшейту, көлік-логистикалық байланысты кеңейту және азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу. Еуропалық одақпен осы үш бағытта байланыс нығаймақ. Біріншіден, Еуропадан келетін инвестиция көбейсе, жаңа өндіріс ашылып, жұмыс орындары артады. Екіншіден, Орта дәліздің дамуы Қазақстанды Еуропа мен Азияны жалғайтын маңызды транзиттік хабқа айналдырып, бюджетке түсетін кірісті ұлғайтады. Үшіншіден, білім, ғылым, технология және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақ жастарға жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тек шикізат экспорттаушы ел болып қалмай, технология мен өндіріске негізделген экономика құруға ұмтылатынын мәлімдеді. Яғни бұл келіссөздердің түпкі мақсаты - Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және елдің халықаралық ықпалын нығайту.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы