Оралдықтар «50 жаңа аула» шарасын жалғастырды
Оралда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «50 жаңа аула» экологиялық тазалық акциясы жалғасын тапты.
Былтыр іс-шара барысында 25 аула жаңартылған еді. Жаз басталғалы ерікті жастар
тұрғын үй аулаларын қоқыстан тазартып, ойын алаңындағы құрал-жабдықтарды сырлауға кірісті.
Қураған шөптерді отап, жасыл желекті ретке келтірді. Бастама қаланың ажарын
айшықтап, тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етпек. Игі іске
кәсіпкерлер мен депутаттар да демеушілік жасап, қала тазалығына үлес қосып
келеді.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, облыстық
жастармен жұмцыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
Балалардың психологиясы қалыптасатын жер болғандықтан, бұл орын қаншалықты үйлесімді, әдемі, таза болатын болса, балаларымызды да солай экологиялық мәдениетке тәрбиелей аламыз деген ниетпен осындай жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жоба мақсаты – өңірдегі аулаларды қайта қалпына келтіріп, балалардың ойынына жақсы жағдай жасау.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17