Алматы облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Алматы облысы Талғар ауданындағы Нұра ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Заманауи депо екі өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған және тәулік бойы қызмет көрсетуге бейімделген. Бөлімше өрт сөндіру автоцистернасы, автосаты және жедел-құтқару көлігімен жабдықталды. Мұнда диспетчерлік пункт, оқу сыныптары, демалыс бөлмелері және спорт аймағы қарастырылып, құтқарушылардың жұмыс істеуі мен кәсіби даярлығына барлық жағдай жасалған. Шара аясында министр Шыңғыс Әрінов жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасының кілттерін табыстады. Сондай-ақ, өңірдің азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан тұрғындар мен қызметкерлер марапатталды.
Еркебұлан Тергеусізов,
Талғар ауданы ТЖБ бастығы:
Заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасы және жеке құрамның елдімекендерге жақын орналасуының арқасында төтенше жағдай орындарына жету уақытын айтарлықтай қысқарады. Жаңа бөлім жалпы саны 10 мыңнан астам тұрғыны бар 4 елдімекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Депоны заманауи техникамен жарақтандыру міндеттерді тиімді орындауға сондай-ақ кез келген төтенше жағдайға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04