Ақтөбе облысында жүзден аса адам тамақтан уланды
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында жүзден астам адам астан уланып, ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығы бір мейрамханада әр түрлі уақытта тамақтанған. Ішек инфекциясының тіркелуіне байланысты қазір эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар емдеу мекмелеріне 19 маусымнан бастап көмекке жүгіне бастаған. Осы уақытқа дейін 102 тұрғын ауруханаға жатқызылды. Оның 34-і сальмонеллез болуы ықтимал. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаментіне шұғыл хабарлама жолданып, бактериялогиялық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алынды. Науқастардың жағдайы қалыпты. Мейрамхана жұмысына уақытша тыйым салынды.
Айгүл Аманжолова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылып, Мұғалжар аудандық ауруханасына қосымша медициналық бригадалар жолданды. Медициналық мекемелерде қосымша төсек қоры және дәрі-дәрмек қоры ұйымдастырылды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16