Павлодарда жаңа ипподром ашылды
Павлодарда жаңа ипподром ашылды. Сала мамандарының айтуынша, жаңа атшабар халықаралық талаптарға сай жабдықталған. Мұнда мың көрерменге арналған екі трибуна, 20 орынды атқора және жаттығу алаңдары қарастырылған. Ені 20 метр, ұзындығы 2000 метрге созылған негізгі жарыс жолы заманауи суару жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 800 метрден 2000 метрге дейінгі қашықтықтағы бәйгелерге арналған старт алаңдары мен аттарды дайындауға арналған арнайы жаттығу жолы салынған.
Шыңғыс Тау, Ұлттық бәйге
федерациясының өкілі:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі айтты ғой, ұлттық спортқа көңіл бөлейік деп. Бүгін міне осы Павлодарда жаңадан ашылған ипподромның куәгері болып отырмыз. Өте жақсы салынған. Стандартқа сай, өте керемет ипподромдардың бірі. Халыққа да өте жақсы жағдай жасалған. Ең бастысы трибуна, екі жаққа керемет трибуна салынған. Аттың шабатын жолы бәрі әдемі, құмы да жақсы төселген.
Жаңа ипподромның ашылуына орай классикалық және ұлттық ат жарыстары бойынша «Ertis-Bayan CUP» ашық республикалық турнирі
өтті. Бәйгеге 6 көлік тігіліп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Ресей
мен Қырғызстаннан үздік шабандоздар мен мықты сәйгүліктер қатысты. Бұдан бөлек
абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылып, «Түйе
палуан» атанған спортшы автокөлік мініп қайтты.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды
22.06.2026, 13:50
Будапеште «Қазақстан – Ұлы дала үні» концерті өтті
22.06.2026, 13:21
Ресейде қазақ мәдени орталықтары көбейіп келеді
22.06.2026, 13:18
Ресей мен Беларусьтан келетін туристер көбейді
22.06.2026, 13:15
«Айбын – 2026»: Жасөспірімдер робототехникадан бақ сынады
22.06.2026, 13:12
Үржарда ерекше балаларға арналған орталық ашылды
22.06.2026, 13:09
Түркістан облысында тау-шаңғы шипажайы салынады
22.06.2026, 13:06
Дрондарды басқаруға арналған оқу-зертхана ашылды
22.06.2026, 13:03