Басты Жаңалықтар Будапеште «Қазақстан – Ұлы дала үні» концерті өтті

Будапеште «Қазақстан – Ұлы дала үні» концерті өтті

Мажарстанда аты аңызға айналған «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығына арналған «Қазақстан – Ұлы дала үні» концерті өтті. Кеште Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» халықтық ансамблі мен «Жорға» би ансамблі өнер көрсетті. Будапеште өткен шараға Мажарстан Парламентінің вице-спикері, депутаттары, іскерлік және академиялық орта өкілдері мен осы мемлекеттегі қазақстандықтар қатысты. Өнер ұжымы жиналғандарды қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерімен, Ұлы даланың бай мәдени мұрасымен таныстырды. Музыканттар ұлттық аспаптармен Құрманғазының күйлерін, Нұрғиса Тілендиевтің, Қаршыға Ахмедияровтың, Ескендір Хасанғалиевтің шығармаларын орындады. Сондай-ақ Йоганнес Брамстың «Мажар биі» туындысын орындап, Мажарстан халқының ыстық ықыласына бөленді.


Бөлісу