Басты Жаңалықтар Үржарда ерекше балаларға арналған орталық ашылды

Үржарда ерекше балаларға арналған орталық ашылды

Абай облысындағы Үржар ауылында ерекше балаларға арналған оңалту орталығының ғимараты қолданысқа берілді. Нысанды салуға қазынадан 469 миллион теңге бөлінген. Заманауи қос қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстары үш жылдың ішінде толық аяқталған. Енді әлеуметтік нысан Мақаншы және Үржар ауданындағы денсаулығында кінарат бар балаларға қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда, екі ауданнан тірек-қимыл аппараты бұзылған 20 бала және психоневрологиялық ауытқулары бар 36 қамтылады. Жаңа корпуста асхана, медициналық және оңалту кабинеті мен емдік дене шынықтыру, физиотерапия, массаж бөлмесі мен оқшаулау бөлмелері бар. Сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сыныптары да соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Ерекше балаларға 103 маман тұрақты қызмет көрсететін болады.

Айман Нұрлыбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:
Абай облысында бүгінгі таңда 23 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат бар. Оның ішінде 3 мыңы балалар. Облыс бойынша 22 мемлекеттік мекеме қызмет атқарады осы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша. Соның бірі осы Үржар ауданындағы балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы.


Бөлісу