Аптап ыстық еуропалықтарды әбігерге салды
Аптап ыстық Ұлыбритания халқын әбден әбігерге салды. Бүгіннен бастап Англияның кейбір өңірлерінде жоғары ауа температурасына байланысты 4 күндік ескерту жарияланды.
Болжам бойынша апта соңына дейін күннің қызуы 38°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Метеорологиялық қызмет ауа райының денсаулыққа қауіп төндіріп, инфрақұрылымға салмақ салатынын айтады. Түнгі температура да әдеттегіден жоғары. Бұл құбылыс «тропикалық түндер» деген атауға ие болды.
Синоптиктер ыстық ауаның құрлықтық Еуропадан келіп жатқанын алға тартады. Ал ол жаққа жоғары температура Сахарадан жеткен. Парижде мәселен, күннің қызуы 40°C-қа дейін көтеріледі деген болжам бар. Бұл - маусым айында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Ғалымдардың пайымынша, жаһандық жылынудың ықпалынан жағдай тіпті күрделене түсуі мүмкін.
Теодор Киппинг, Империал колледж университетінің климатолог-ғалымы:
Эль-Ниньо деп аталатын жаһандық климаттық құбылыс байқалуы мүмкін. Ол құрғақшылық, нөсер жауын және аптап ыстық сияқты экстремалды ауа райы құбылыстарының ықтималдығын арттырады.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Құрылыс саласына инвестиция құю халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етеді»
25.08.2026, 23:21
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
25.08.2026, 20:17
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12