Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, ғимараттардың шатыры қирады
Ақтөбеде ағаштар құлап, ғимараттардың шатыры ұшты. Кеше түс мезгілінде алай-дүлей дауыл көтеріліп, жарты сағаттың ішінде шаһарды шаңға көмді. Қазір бізбен осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланысқа шыққалы тұр. Жақсыбек, дауылдан адамдар зардап шеккен жоқ па? Қазіргі жағдай қалай?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қайырлы күн Дархан! Дауылдан тұрғындар зардап шеккен жоқ, алайда желдің екпіні қатты болғаны соншалық, 2 көпқабатты және бірнеше жеке тұрғын үйдің шатырларын ұшырып әкетті. Көшелердегі ағаштар мен электр бағандары да құлады. Тіпті тұрғындар жіберген мына бейнекөріністен құлаған шағын жүк көлігін де көруге болады. Дауылдың арты нөсер жауынға ұласты. Дегенмен коммуналдық қызмет бригадалары дауыл салдарын жоюға жедел кірісті. Олар 16 учаскеде жұмыс жүргізуде. Шаһарды электр энергиясымен жабдықтаушы мекеме мамандары да күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, үзілген тоқ көздерін жалғады. Бүгін күн ашық, дегенмен синоптиктердің болжамынша, кешке қарай жаңбыр жауады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16