Ішімдік ішіп, көлікпен адам қағу неге абайсызда жасалған қылмыс деп бағаланады?
Көлікті ішімдік ішіп айдау. Мас адамның арақ-шарап іше тұра рульге отыруы. Одан кейін соның кесірінен апат болып, адам көз жұмса, «абайсызда болған кісі өлімі» деп бағаланатынына қоғам тіксініп отыр. Рас ғой – ешкімнің аузына ешкім зорлықпен арақ құймайды. Бұл бір. Екіншіден, «қой, таксимен қайтайын немесе басқа амалын табайын» демей, мас екенін біле тұра қалай рульге отырады? Байқамай отыра сала ма?
Қолданыстағы заңдағы осы сипаттаманы қандай қылып өзгерту керек?
Екінші қыры: моральдық өтемақы мәселесі. Қалай регламенттелген? Сотта бұл қалай шешіліп жатады? Иә, адам өмірі ақшамен есептелмейді. Әңгіме жан күйзелісі туралы емес. Бірақ, мысалы, соңында қалған құйттай баланың өсуіне ақша керек ғой... Туыстардың моральдық жағынан қысылмауы үшін өтемақы мөлшерін заңда бекіту қалай болар екен?..
Біліп тұрсыздар, бұл Алматыда наурыз айында болған жантүршігерлік апатқа кінәлі Пакқа қатысты сотты бақылағаннан туған тақырып. Ол «газды басып айдадым» деп отырған жоқ, «бір ақау пайда болып, көлікті игере алмай қалдым» деп қояды...
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17