Баланың денсаулығын кім қадағалайды: Педиатр ма, әлде жалпы практика дәрігері ме?
Енді медицина саласына байланысты мына тақырыпты қаузаймыз. Денсаулық сақтау министрлігі балаларға көмектің аралас түрін енгізбек. Педиатрлік учаскелерді түгел жаппайды. Педиатр мен жалпы практика дәрігерінің жұмысын кіріктіреді. Бұл бала денсаулығын қадағалауды тиімді ете түседі деп түсіндіріп отыр.
Баланы кім емдеу керек?» дегенде, «кім үздік?» деп емес (себебі пікір бәрібір субъективті болып шығады), баланы емдейтін мамандардың тәжірибесін, бейнелеп айтқанда, ұйытуды ойлау керек. Себебі сапаны формат емес, жүйені қалай ұйымдастырғаның қамтамасыз етеді, дейді тәжірибелі дәрігерлер. Пациенттің дәрігерден дәрігерге баратын жолы нақты болуы тиіс. Қажет жағдайда педиатрға тез қарала алуы өте маңызды. Күрделі немесе қалыптан тыс жағдай туса, бірден күнделікті балаға қызмет ететін маман қарауы керек!!!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы