Басты Жаңалықтар Сүт өңдеушілердің халықаралық V форумы өтті

Сүт өңдеушілердің халықаралық V форумы өтті

Шығыс Қазақстан сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша еліміздегі алғашқы үштікке кіреді.Былтыр облыста 260 мың тоннадан астам сүт сауылып өңделген.Нәтижесінде өңірдегі жалпы көрсеткіш 10 процентке өсті. Бүгін Өскеменде PRO Сүт-2026 және QazaqSut Халықаралық V форумы өтті. Оған еліміздегі аграрлық саладағы ірі кәсіпорын жетекшілері және 5 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері қатысты.

Шығыста өндіріс пен қатар ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Әсіресе соңғы 2 жылда жаңа технологиямен жабдықталған сүтті сауып, оны бірден өңдейтін  кәсіпорындар ашылды. Барлығы  да соңғы үлгідегі құралмен жабдықталған.

Нұрымбет Сақтағанов,облыс әкімі:

Цифрландыру бүгінде тек тәжірибе болып қалмай, жұмыс барысында толыққанды қолданылады. Фермаларда жетілдірілген смарт фермаларының элементтері, цифрлық сауу залдары, малдарды азықтандыру,күтіп бағудың автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Біздің міндетіміз осы жетістіктерді кеңінен тарату.

Кеңінен таратқанның нәтижесінде қазір өңірде жылына 207 мың тоннадан астам өнім өңдейтін 13 зауыт бар. Бұл кәсіпорындар тек сүттен 150 түрлі тағам жасайды.

Самұрат Имандосов, Сүт өңдеу кешенінің директоры:

Мемлекетіміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осы саладағы жетістіктерімізбен бөлісеміз. Сосын жаңа технологияларды осы арада бас қосып бір-біріміздің іс тәжірибемізбен алмасамыз.

Қазір ел көлемінде сүтті сауып өңдейтін 91 кешен салынып жатыр. Алдағы 1-2 жылда жалпы 116 кәсіпорын іске қосылмақ. Ал шаруаларға мемлекет пайызы төмен несие бермек.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Қазір өңірлердің осы мақсатта келіп жатқан біздерге өтініштері бар. 2,5 пайызбенен 10 жылға Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесімен біз жеңілдетілген несие беріп жатырмыз.

Соңғы үш жылда тек шығыста13 агрокешенді дамытуға 17 миллиард теңге бөлінді.Бұл қаржы фермерлік шаруашылықтарды салу мен жаңғыртуға жұмасалды.

Бөлісу