Басты Жаңалықтар Терезеден құлаған балалардың көбі - бес жасқа толмағандар

Терезеден құлаған балалардың көбі - бес жасқа толмағандар

Терезеден құлаған балалардың көбі – бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Осылай деген дәрігерлер ата -аналарға үндеу жасады. Бұл жаста бала қауіп-қатерді толық түсінбейді, сондықтан жазатайым жағдайларға жиі ұшырайды дейді. Масаға қарсы торларды балалар сенімді немесе қорғаныш ретінде қабылдауы мүмкін екенін ескертеді. Өкінішке қарай биіктен құлаған бала көбіне ауыр жарақат алады. Олардың қатарында аяқ-қол, омыртқа, қабырға және бас сүйек сынықтары, сондай-ақ ми мен ішкі ағзалардың зақымдануы кездеседі. Мамандардың сөзінше, екінші немесе үшінші қабаттан құлаудың өзі бала өміріне аса қауіпті. Жарақаттың ауырлығы тек биікке ғана емес, баланың қалай құлағанына және қандай ағзалары зақымданғанына да байланысты. Дәрігерлер келгенге дейін баланы орнынан қозғамаған дұрыс дейді мамандар. Егер қан кетсе, оны таңғышпен тоқтатуға тырысып, бірден 103 қызметін шақырту керектігін ескертеді. Сондай-ақ бөбектерді жасөспірімдердің қарауына қалдырмауға шақырады.


Бөлісу