Чехия мен ОАР арасындағы кездесу тең аяқталды
Футболдан Әлем чемпионатындағы плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы құрама анықталды. Мексика командасы Оңтүстік Корея командасын жеңіп, келесі кезеңге мерзімінен бұрын жолдама алды. Әлем чемпионатының сегізінші күнгі матчтарына әріптесім шолу жасайды.
А тобындағы Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы кездесу тең деңгейде өтті. АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium алаңында өткен ойынның 6-минутында жартылай қорғаушы Михал Садилек Чехия құрамасын алға шығарды.
Матчтың 83-минутында төреші Чехия құрамасының қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыны Тебохо Мокоэна дәл орындап, есепті теңестірді.
Швейцария Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен ұтты
Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуде сенімді ойын көрсетті. Матч барысында швейцарлықтар шабуылда белсенді болып, қарсыласының қорғанысындағы осал тұстарды тиімді пайдаланды.
Кездесу Швейцарияның 4:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Канада мен Қатар құрамаларының кездесуі 6:0 есебімен аяқталды
Канада мен Қатар арасындағы матч қызықты оқиғаларға толы болды. Ойынның 16-минутында алаң иелері есеп ашты.
29-минутта Хонатан Дэвид есепті еселеді. Қатарлық қорғаушы Хомам әл-Амин дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Допқа талас кезінде Канадалық спортшысы ауыр жарақат алып, Ассим Мадибо да қызыл қағаз алды.
Қатар алаңда 9 ойыншымен қалды. Ойынның 75-минутында Аль-Маннаи өз қақпасына автогол соғып алды. Есеп 5:0. Одан кейін, Хонатан Дэвид хет-трик жасап, матчтың нүктесін қойды. Осылайша Канадалықтар Қатарға қатарынан 6 гол соғып, ірі есеппен талқандады.
Мексика мерзімінен бұрын келесі кезеңге өтті
Мексика мен Оңтүстік Корея арасындағы кездесудің алғашқы таймында қарсыластар бір-бірінің қақпасын дүркін-дүркін шабуылдағанымен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Матчтағы жалғыз голды 50-минутта Луис Ромо соғып, мексикалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Хавьер Агирре жаттықтыратын команда 6 ұпаймен өз тобында көш бастап, келесі кезеңге жолдама алды.
Әлем кубогының бірінші туры аясындағы ойындар бүгін де жалғасады. Астана уақытымен түнгі 12де АҚШ пен Австралия кездеседі. Ал 3:00 де Шотландия Мароккоға қарсы ойнайды. Таңғы 5:30 да бразилия Гаити матчы өтсе 8:00 де Түркия мен Парагвай өзара мықтыны анықтайды. Барлық ойынды Қазақстан және Қазспорт арналарынан тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы