Басты Жаңалықтар Ұлы дала өркениетін бірігіп зерттеу қолға алынды

Ұлы дала өркениетін бірігіп зерттеу қолға алынды

Өңірлік қауіпсіздік, су-энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері Алматыда өткен қазақ-қырғыз ғылыми-интеграциялық форумында талқыланды. Басқосуға екі елдің ғылым академияларының басшылары, академиктер, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Форум барысында қазіргі геосаяси өзгерістер жағдайындағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары қарастырылып, ортақ тарихи-мәдени мұраны зерттеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар ғылымның мемлекетаралық байланысты нығайтудағы және ғылыми дипломатияны дамытудағы рөлін атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан және Қырғызстан ұлттық ғылым академиялары арасында Дала өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық консорциум құру туралы келісімге қол қойылды. Жоба аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, археологиялық экспедициялар ұйымдастыру, цифрлық архивтер қалыптастыру және жас ғалымдардың академиялық алмасуын дамыту жоспарланып отыр.

Жеңісбек Төлен, Президент жанындағы ҰҒА орталық басшысы:
Орта Азия кеңістігінде үлкен консорциумды қолға алып жатырмыз. Консорциумға 9 мемлекет кіреді. Орта Азия елдері және Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан мен Түркия мемлекеті. Мақсаты не? Мақсаты Ұлы дала өркениетін ортақ, бірігіп зерттеу. Оның ішінді Түркі қағанатынан бастап Алтын Орда өркениетін ортақ зерттеу.


Бөлісу