Басты Жаңалықтар Іле Алатауындағы экожүйелерді сақтау мәселесі талқыланды

Іле Алатауындағы экожүйелерді сақтау мәселесі талқыланды

Былтыр Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 1 миллионға жуық адам келген. 30 жыл бұрын бар-жоғы 4-ақ туристік маршрут жұмыс істесе, қазір олардың саны 46-ға жеткен. Соңғы жылдары парк аумағында 94 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, бірнеше визит-орталық пен туристік нысан пайдалануға берілген. Сондай-ақ қызыл кітапқа енген қар барысының саны да 5-10 дарақтан 39-ға дейін артқан. Қоңыр аю, тас сусары және бүркіт секілді сирек жануарлардың да саны көбейген. Бұл туралы ұлттық парктің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. «Еуразиядағы тау экожүйелерінің сақталуы мен тұрақты дамуы» тақырыбындағы жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан келген ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Конференцияда биоалуантүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруі жағдайындағы тау экожүйелерінің тұрақтылығы және экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды. Мерейтой аясында ұлттық парктің 30 жылдағы жетістіктері де қорытындыланды. Осы уақыт ішінде парк аумағында 5 миллионнан аса ағаш көшеті отырғызылып, ерекше қорғалатын аумақ көлемі 200 мың гектардан асқан.

Елнұр Ахметов, «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ бас директоры:

Қызыл кітапқа енген жануарларды, жәндіктерді, өсімдіктерді зерттеу жұмыстары және осы болашақта орманды көбейту. 30 жылдың ішінде 5 млн астам ағаш егіліп, орманға көмкерілген жерлерге қосылса 6 тұқымбақ питомнигіміз жұмыс атқарып жатыр.


Бөлісу