Басты Жаңалықтар Қалдықты қайта өңдеуге жаңа мүмкіндік

Қалдықты қайта өңдеуге жаңа мүмкіндік

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді ынталандыратын Sparklo фандоматтар желісі жұмыс істей бастады. Жоба тұрғындар арасында тұтыну мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуды көздейді. Арнайы құрылғылар арқылы пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды тапсыруға болады. Белсенді қатысушыларға серіктес ұйымдар тарапынан түрлі бонустар мен жеңілдіктер ұсынылады. Мамандардың айтуынша, жиналған шикізат толықтай қайта өңдеуге жіберіліп, тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайтуға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жоба экологиялық жауапкершілікті арттырып, қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін дамытуға бағытталған.

Мерей Әбдірахман, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі менеджер:

Бөтелкелер, қалбырлар соларды осы Sparklo автоматтарына салу арқылы біз қайта өңдеуге жібере аламыз. Қайта өңдеу арқылы екінші рет пайдалануға мүмкіншіліктер аламыз. Және қоршаған ортаны қалыпты сақтауға көмектесетін аппараттар болып табылады.


Бөлісу