Қызылордада үлгілі әкеге үш бөлмелі пәтер берілді
Қызылордада өткен облыстық әкелер форумында қоғамға үлгі болған ер азаматтар алғысқа бөленді. Тағылымды шарада баспана тауқыметін көріп келген сауда орталығының қарапайым қызметкеріне облыс әкімі үш бөлмелі пәтер табыстады.
Бұл – адал еңбек етіп, жоқ деп жасымай қиындыққа мойымаған Жандос Камаловтың өміріндегі қуанышты сәттердің бірі. Тағдыр сынағына сынбаған азамат күтпеген жерден баспаналы болып, бүтін бір отбасы қуанышқа бөленді. Отағасы ордалы отбасының жалғыз асыраушысы. Мүгедек арбасына танылған жұбайына тірек, балаларына қамқор әке.
Жандос Камалов, қала тұрғыны:
Басында білген жоқпын. Осындай форумға шақырды. Тосын сый болды. Біржағы қобалжып тұрмын. Пәтер жалдап тұрғаныма 15 жылдай боп қалды-ау.
Бұл форум бұрынғыдан өзгеше. Ауыл-аймақта табысты еңбек етіп, ісімен көпке үлгі болған ер азаматтарға облыстық әкелер одағы сый-құрмет көрсетті. Жиында қазіргі қоғамда әке рөлінің маңызы сөз болды. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды». Сондықтан азаматтардың мәртебесін көтеру, жауапкершілігін арттыру басты міндет.
Бекдайыр Күзембай, «Әкелер одағы» РҚБ төрағасының орынбасары:
Парасатты әке дегеніміз жауапкершілікті мойнына алған, өзінің отбасын қызғыш құстай қорғаған, баласының тұлға болып қалыптасуына және де оның жарқын болашаққа бейімделуіне ұлағатты ұстаз ретінде қабылдау міндеті тұр.
Форум аясында арқалы ақын Ақжол Түменбай әке туралы өлеңін оқып, қатысушыларды өрнекті сөзімен тебірентті. Ал талантты жас әнші Нұрислам Тілеухан жанды дауыста ән шырқап, көңілді тербеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы