Ақтөбе облысында экотуризм саласына басымдық беріледі
Ақтөбе облысына соңғы бір жылда 250 мыңға жуық турист келген. Оның 14 мыңы шетелдіктер.
Сала мамандарының айтуынша, соңғы жылдары саяхатшылар арасында экотуризм саласына деген қызығушылық басым. Сондықтан олардың назарына тұмса табиғатымен, ерекше көркімен баурайтын орындар ұсынылып отыр. Мамандар 46 локацияны арнайы белгіледі. Тізімде ерекше танымалдылыққа ие Ырғыз-Торғай табиғи резерваты мен «Ақтолағай» үстірті бар. Аймақтың туристік әлеуетін арттыру мақсатында жыл сайын түрлі фестивальдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар «Қасқыр» сарқырамасына дейін жол салынып жатыр. Ал, жырақтағы Байғанин, Ырғыз аудандарындағы көрікті орындарға кіші авияцияны қолдану мүмкіндіктері қарастырылуы мүмкін.
Жанетта Өмірбаева, туристік орталық маманы:
Туристердің қызығушылығы Байғанин ауданындағы «Ақтолағай» борлы тауына, Аққұм құмдарына және Қарғалы ауданында орналасқан «Қасқыр» сарқырамасына өте жоғары. Бұл жерге туристердің келуі өте жоғары және жылдан жылға артып келе жатыр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16