Абай облысында «Алтын белгі» иегерлері көбейді
Абай облысында «Алтын белгі» иегерлерінің саны артып келеді. Өткен жылы 362 оқушы үздік атанса, биыл оқуды алтынмен аяқтағандар саны 432-ге жеткен. Мамандар бұл жыл сайын өңірде білім деңгейі артып келе жатқандығының көрсеткіші дейді. Семей қаласындағы мектептерді жоғары нәтижемен тамамдағандарға «Алтын белгі» салтанатты түрде табысталды. Оқушылармен қатар өңірдің білім саласына елеулі жетістіктерге жеткен ұстаздар да мемлекеттік наградалармен марапатталды. Өткен оқу жылында өңірдің 407 оқушысы республикалық және халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысып, 163-і жүлделі орын иеленген.
Зере Әуезова, «Алтын белгі» иегері:
Өзімнің 11 жыл бойы жасаған еңбегімнің нәтижесін «Алтын белгімді» алу мен үшін үлкен жетістік болды. Естіген кезде әрине, бәріміз қуандық. Өте керемет сезім. Өзімнің еңбегім ақталды деп айта аламын.
Зарина Ақаева, ата-ана:
Қызым «Алтын белгі» алып жатыр. Мен оған өте қуаныштымын. Қызымның 11 жылғы еңбегі, екеуміздің бірлесіп жеткен жетістігіміз деп білемін. Ана жүрегімен, шын ниетіммен қатты қуанып тұрмын.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17