Басты Жаңалықтар Үш АЭС-ке 6 мың маман қажет

Үш АЭС-ке 6 мың маман қажет

Елімізде атом энергетикасы саласына қажетті мамандарды даярлау жұмысы қарқын алды. Мамандардың айтуынша, бір атом электр станциясының тұрақты жұмысына шамамен 2 мың қызметкер қажет. Ал елде үш АЭС салынатын болса, бұл көрсеткіш 6 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан қазір жоғары оқу орындары мен Ядролық физика институты болашақ мамандарды бірлесіп даярлап жатыр. Студенттер ядролық энергетика, ядролық инженерия және реакторлық технологиялар бойынша білім алады. Теориялық сабақтар университеттерде өтсе, тәжірибелік жұмыстар институт базасында жүргізіледі. Мұнда зерттеу реакторы, арнайы сынақ қондырғылары және Халықаралық атом энергиясы агенттігінің қолдауымен ашылған үш оқу орталығы жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін институтта атом саласы үшін 4 мың 500-ден астам маман даярланған. Жуырда институт аумағында 166 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Бұл өңірлерден келетін студенттер мен жас ғалымдарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, дейді мамандар.

Саябек Сахиев, ядролық физика институтының бас директоры:

Магистр докторларды дайындау үшін реакторларда зерттеу жұмыстарын жүргізе беруге болады. Ол үшін біз қазір 7-8 ЖОО байланыс жасап жатақхана бар толықтай осы жерде базадан өтуге болады. АЭС бір күнде салынбайды бірнеше жылда қанша кадр керек болса сонша кадр біздің базада дайындап үлгеруге болатынына күмәнім жоқ.



Бөлісу