Басты Жаңалықтар БАӘ 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды

БАӘ 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды

Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына, контент жариялауына және пікір қалдыруына заңмен тыйым салынды. Мұндай шешімді елдің Министрлер кабинеті қабылдады. 15-16 жастағы жасөспірімдерге платформаларды пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ олардың аккаунттарына қосымша шектеулер қойылады. Нақтырақ айтсақ, бейтаныс желі пайдаланушыларымен сөйлесуге шектеу қоюға және ата-аналарға бақылау құралдарын ұсынуға міндетті болады. Платформалар ЖИ, биометрия және цифрлық ID арқылы пайдаланушылардың жасын анықтау жүйесін 12 ай ішінде енгізуі тиіс. Балалардың деректерін жарнама үшін пайдалануға да тыйым салынады. Талапты бұзған желілер бірден бұғатталады. Бірнеше күн бұрын Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынатынын жариялады. Канадада дәл осындай заң жобасы парламентке енгізілді. Қазір Австралия, Бразилия және Индонезия да балалардың әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеуді қолға алуда. Осыған ұқсас заңдарды Франция, Испания және Оңтүстік Корея елдері де қарастырып жатыр. Біздің елде де кәмелетке толмағандарға TikTok, Instagram сияқты желілер мен YouTube секілді онлайн платформаларға тіркелуге тыйым салынуы мүмкін. Қазір құжат Парламент қарауында.

Бөлісу