БҚО-да Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан шеттетілді
Батыс Қазақстан облысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан шеттетілді.
Тиісті өкімге облыс әкімі қол қойды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мадияр Утешев медициналық мекемелер қызметіне тиісінше бақылау жасамағаны үшін лауазымдық өкілеттігін атқарудан 1 ай мерзімге шеттетілді. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері біздің телеарна сауалына берген жауабында аймақтағы 7 медициналық ұйым басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Желіде бұған дейін облыстық балалар ауруханасының басшысы, Жәнібек, Қаратөбе, Теректі, Бәйтерек аудандарының бас дәрігерлері ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді. Олар пара алды деген күдікке ілініп отыр. Ал жергілікті басылымдар «жедел жәрдем» қызметінің басшысы мен оның орынбасары да қамалғанын жазған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы