Қазақстан әлемдік туризм рейтингінде 28 сатыға жоғарылады
Қазақстан әлемдік туризм рейтингінде 28 сатыға жоғарылап, Орталық Азиядағы ең перспективалы бағыттардың біріне айналды. Осы жылдың алғашқы үш айында еліміздегі қонақүйлер мен демалыс орындары 2 миллионға жуық туристке қызмет көрсеткен. Бюджетке 69 млрд теңге кіріс кірді. Бұл былтырмен салыстырғанда 14 пайызға көп. Ішкі туризм де қарқын алған. Ел ішінде саяхаттаған азаматтар саны 3,6 пайызға көбейген. Нәтижесінде, өңірлердегі экономикалық белсенділік артып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Ресми сандарға жүгінсек, туристер ең көп барған өңір – Алматы. Үш айда қалаға 473 мыңға жуық адам келген. Екінші орында – Астана, ал үздік үштікті Ақмола облысы түйіндейді.
Былтыр туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 триллион теңгеге жетіп, жалпы ішкі өнімдегі үлесі 3,1 пайыз болды. Қазір бұл салада 600 мыңнан астам адам еңбек етеді. Шетелдік туристерден түскен пайда 2,9 миллиард долларға жетсе, туризмнен түскен салық түсімдері 630 миллиард теңгеге дейін өскен. Саланы дамыту үшін былтыр 1,3 триллион теңге инвестиция тартылып, 96 туристік жоба іске асырылды. Ал биыл туристік автобустарға арналған «жасыл дәліз» енгізіліп, ұлттық парктерге балалардың тегін кіруіне мүмкіндік берілді. Сарапшылардың айтуынша, визасыз режимнің кеңеюі, халықаралық әуе қатынасының артуы және инфрақұрылымның жақсаруы Қазақстанға келетін туристер санының өсуіне ықпал етіп отыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропадағы қазақстандықтар белсенді дауыс берді
24.08.2026, 13:24
Президент дзюдошыларды тарихи жеңісімен құттықтады
24.08.2026, 13:18
Әлемдік БАҚ Құрылтай жайында ақпарат таратты
24.08.2026, 13:09
Құрылтай сайлауына 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды
24.08.2026, 13:06
«Дауыс» коалициясының 25 мың байқаушысы сайлауды жіті қадағалады
24.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауы: 5 пайыздық межені 5 партия еңсерді
24.08.2026, 13:00
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08