Басты Жаңалықтар Президент Air Products бас атқарушы директорымен кездесті

Президент Air Products бас атқарушы директорымен кездесті

Сонымен қатар Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесті. Жиында табиғи газды өңдеу, өнеркәсіптік газды өндіру бағытында ынтымақты тереңдету жолдары қаралды. Мемлекет басшысының айтуынша, Құрама Штаттар Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі және еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі. Өз кезегінде Эдуардо Менезес компанияның Қазақстан экономикасына инвестиция құюды қарастыратынын жеткізді. Өйткені Air Products газ өңдеу мен газ химиясы, сондай-ақ көмірді терең өңдеуге қатысты жобаларға қызығушылық танытады. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы құптап, Қазақстан тарапы оған қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Айта кетсек, Air Products компаниясы АҚШ-тың ірі компанияларының қатарында. Көгілдір отын өңдеу, өнеркәсіптік газ өндірісі бойынша халықаралық көшбасшылардың бірі саналады.


Бөлісу