Абай облысындағы «Жасыл ел» жобасына қатысушылар көбейді
Абай облысында «Жасыл ел» жобасына қатысушылардың қатары артып келеді. Биыл жаз бойы өңірде мыңнан астам жас қала мен аудандарды көгалдандырып, тазалығын ретке келтіруге ат салыспақ. Қазір 12 ұйым өз жұмысын бастады. Жобаға 16 мен 35 жас аралығындағы жастар қатысады. Олардың қатарында оқушылар, студенттер, жұмыссыз жастар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері де бар. Жоба еңбекке араласып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Қатысушылар ай сайын шамамен 120 мың теңге табыс табады. Қазір «Жасыл ел» жобасының екінші кезеңіне құжат қабылдау басталып кетті.
Әліби Әбдірайымов, «Абай жастары» орталығының директоры:
Осы айға көрсеткіш бойынша 385 жасыл ел жасақтары өз жұмысын бастап, жұмыс істеп келе жатыр. Қаламыздағы әртүрлі локациялар, ескерткіштер болсын басқа да, парктре болсын сондай аймақты қамтиды. Біздің облыс көлемінде 12 жұмыс беруші қазіргі таңда қамталған. Біздің әрбір ауданында жасыл ел өз жұмысын жүргізіп жатыр.
Әміре Армисов, «Жасыл ел» еңбек жасағының қатысушысы:
Осы жылы бірінші рет істеп жатырмын. Бұл жоба туралы инстаграмм парақшасынан көрдім, Абай әкімшілігінің. Жалпы қала бойынша біз көгалдандыру жұмыстарымен айналысамыз, қала тазалығына жауап береміз, ағаш отырғызу секілді жеңіл жұмыстармен айналысамыз. Мен бұл жерге келгенімен өте қуаныштымын. Себебі мен осы жерде көптеген балармен таныстым. Өзіме достар таптым, өте жақсы орта таптым.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09