Басты Жаңалықтар Кардифф университеті кампусының ашылғанына 1 жыл толды

Кардифф университеті кампусының ашылғанына 1 жыл толды

Қазақстанда әйгілі Кардифф университетінің филиалы ашылғанына бір жыл толды. Астанада орналасқан жоғары оқу орнында алыс-жақын шетелдерден келген жүздеген студент білім алады. Жанел Нұрболатқызы тарқатады.

Кардифф – әлемнің үздік 100 университетінің бірі. Қазақстанда оның 20 гектар аумақта үлкен кампусы ашылмақ. Құрылыс 2 жылда аяқталады. Оған дейін студенттер бір жыл бұрын Астанада ашылған ғимаратта оқуын жалғастырады.

Венди Ларнер, Кардифф Университетінің президенті және вице-канцлері:
Бұған дейін шетелде Кардифтің филиалы болмаған еді. Бір жыл бұрын алғаш рет Астанада ашылды. Осы аралықта лғашқы филиалды басқа емес, Қазақстанда ашу туралы шешімнің дұрыс болғанына көз жеткіздік. Қазір Қазақстанда әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер оқиды. Әсіресе, орталық азиялықтар көп. Қазақстан академиялық хабқа айналатыны сөзсөз.

Студенттер 7 бағытта білім алады. «Жасанды интеллект», «Компьютерлік бағдарламалау», «Бизнес менеджмент» және «Құрылыс» секілді мамандықтар бар. ҰБТ-дан жоғары бал жинаған, ағылшын тілін жетік меңгерген қазақстандық студенттер оларды тегін меңгере алады. Былтыр 300 грант бөлінді. Мұндай жеңілдік биыл да берілмек.

Талғат Жүсіпбек, Қазақстан Кардифф Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты:
Бізге түскен студенттердің орташа баллы аелстан 9 дан 7,5 болды. 25 пайыздан жоғарысы ҰБТ көрсеткіштері бойынша 120-дан жоғары балл алған болды. Өткен жылы, биылғы жыл және келесі жылы қатарынан үш грант бөлініп келеді, бөлінеді.

Бүгінде елімізде 93 мемлекеттен келген 32 мың студент оқиды. Сырттан келген білім алушылардың саны алдағы жылдары көбейе түспек. Бұған Кардифф университеті де үлес қоспақ.


Бөлісу