Медицина саласында жаңа технология кеңінен қолданыла бастады
Қазақстанда медициналық диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды. Ал қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 30 пайызға артты. Салаға жасанды интелект пен цифрлық технологияларды енгізудің арқасында осындай нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Кәсіби мерекелері қарсаңынды медицина мамандарын құттықтаған Президент бұл өзгерістердің сала дамуына жаңа серпін беріп отырғанын айтты. Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілген. Ал ақпараттық жүйелерді өзара байланыстыру арқылы әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді. Мемлекет басшысы заманауи технологиялармен қатар, сапалы маман даярлау мәселесіне де ерекше назар аударылатынын жеткізді. Жиын барысында Президент бір топ медицина қызметкеріне мемлекеттік награда тапсырды.