Басты Жаңалықтар Республикалық IT Quest іске қосылады

Республикалық IT Quest іске қосылады

Елімізде республикалық IT Quest интерактивті онлайн-квесті басталады. Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, цифрлық әлем бойынша білімдерін сынап, Astana Hub мобильді қосымшасында бағалы сыйлықтарға ие бола алады. Білім беру мен ойын форматын біріктіретін квест екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 30 маусымға дейін өтеді. Мұнда қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, логикалық және аналитикалық ойлауға арналған тапсырмаларды орындайды. Екінші кезең 1-15 шілде аралығында өтеді. Ойыншылар бейнероликті мұқият қарап, оның мазмұны мен құрылымына қатысты сұрақтарға жауап береді. Жарысқа қатысу үшін  үшін Astana Hub мобильді қосымшасын iOS немесе Android платформаларында жүктеп алып, IT Quest-ке тіркелу қажет. Бір қатысушы тек бір аккаунтты пайдалана алады.


Бөлісу