Ұлттық музейге «ұлттық» мәртебе берілді
Президент Ұлттық музейге «ұлттық» мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл музейдің ел руханиятындағы айрықша орнына берілген жоғары баға әрі оның халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және кеңінен дәріптеу жолындағы қызметінің маңызын мойындау. ҚР Премьер-министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасына осылай жазды. Сондай-ақ қазіргі уақытта музейлер тек құнды жәдігерлер сақталатын орын ғана емес. Олар ғылыми ізденіс пен ағартушылықтың, білім мен шығармашылықтың, креативті индустриялар мен цифрлық технологиялардың тоғысқан заманауи мәдени орталығына айналып келетінін айрықша атап өтті. Ұлттық музей - Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі музей. Жыл сайын мұнда 600 мыңнан астам адам келеді. 20 экспозициялық зал орналасқан сәулетті кешенде қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениетінен сыр шертетін бірегей жәдігерлер бар.
Аида Балаева, ҚР Премьер-министрдің орынбасары- Мәдениет және ақпарат министрі:
Жаңа мәртебе музей қызметінің жоғары кәсіби деңгейін танытып қана қоймай, сала мамандарын мемлекеттік қолдаудың нақты тетігіне айналады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес музей қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына 1,75 мөлшеріндегі көтермелеу коэффициенті белгіленеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы