Иран мен АҚШ бейбіт келісімге қол қойды
Иран мен АҚШ Өзара түсіністік туралы меморандумға ресми түрде қол қойды. Тараптар барлық майданда, оның ішінде Ливанда 60 күнге атысты тоқтатуға келіскен. Осы мерзім ішінде Тегеран санкциялардан босатылып, Иранды қалпына келтіру қоры құрылмақ. Бұған қоса түпкілікті бейбіт келісімге келуге тиіс. Ал мәміле жасалмаса, Трамп Иранға қайта шабуылдайтынын ескертті. Екі жақ қол қойған келісімді Иран президенті Масуд Пезешкиан да бекітті. Сәрсенбіде АҚШ әкімшілігі Эвиандағы «Үлкен жетілік» саммиті кезінде журналистерге 14 пункттен тұратын мәтінді оқып берді. Трамп пен оның командасы бұл әзірге меморандум ғана, ал оның шарттары тек Иранның әрекетіне байланысты орындалатынын мәлімдеді.
Эммануэль Макрон, Франция президенті:
Иран мен АҚШ келісімге келді. Америка президенті Версаль сарайында құжатқа ресми түрде қол қойды. Мәміле қақтығысты аяқтауға, бейбітшілікке қол жеткізуге, Ормұз бұғазын ашуға, 60 күндік мерзімде ядролық, баллистикалық зымыран мәселелеріне қатысты келісімге келуге жол ашады деп сенем. Жұмысты жалғастырамыз. Бұл біз үшін де жақсы жаңалық. Мұнай, газ бағасы төмендейді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07