Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
Орманда өрт қауіпі күшейді. Кеше Семей орманын құтқарушылар алапат өрттен сақтап қалды. Мемлекет басшысы Үкіметке 2021 жылдан бастап 2027 жылға дейін 2 миллирад ағаш егу туралы нақты міндет жүктеді. Осы ен байлықты сақтап-күту ең маңызды мәселе. Әсіресе өрттен қорғау. Ал елдегі жалпы орман алқабының төрттен үш бөлігі өсетін Шығыс пен Абай обылысындағы сала мамандары жыл он екі ай ат үстінде.
«Семей орманы» мемлектетік табиғи резерватынан тағы өрт шықты. Бір күнде 14 жер тұтанды. Мамандардың айтуынша найзағай түскен. Қуарған қурай лезде жанды. Дегенмен орманшылардың жіті әрекетінің арқасында өрт бірден оқшауланған.
Қанат Советов, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының инженері:
Бүгінгі таңда резерваттың аумағында 61 орман өрті тіркелген болатын. Жалпы орман ауданы бойынша 8,88 гектарды құрады. Кешегі жағдай бойынша 14 орман өрті оқшауланып, жалпы ауданы 0,13 гектарды құрады.
Ал шығыстағы ормандарда былтырдан бері 33 рет өрт болып, 210 гектар жер күлге айналған. Сондықтан орманшылардың қазіргі ең басты міндеті өртті болдырмау.
Орманның қауіпсіздігіне мобильді топтар жауапты. Олар әрбір әрекетті бақылап орталыққа ақпарат беріп отырады.
Талғат Мұратаев, мобильді топ жетекшісі:
Әрқайссымыздың мойнымызда мынадай болады. Мұның ішінде 20 литр су сияды. Барғанша жерді өшіреміз. Біздің ең негізгі жұмысымыз шақыруға уақытанда бару.Көлемін өлшеу. Әрі қарай хабарлау.
Өртенген орманды қайта қалпына келтірудің машақаты өте көп. Тазаланып ретке келтірілген аумақтарға көшет егіледі.
Шығыста 13 орман шаруашлығы 2 қорық 1 ұлттық парк бар. 3 миллион гектар орманға 1200 орманшы жауапты. Бұл мамандар күзетеді. Көшет егеді, тазалайды.
Дамир Ерназар, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының маманы:
Соңғы 2 жылда «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр ғой. Ол бойынша бізде биылғы жылы орман шаруашылықтарының аумағында 77 сенбілік өткізлді. Осы уақытқа дейінгі ормандағы заң бұзушылық басқа да шаралар бойынша тазалық барлығына 1100 ден астам рейдтік іс шаралар жүргізілді.
Мамандардың рейді емес, орманға барған әр адамның өз санасында рейд болуы керек? Сонда ғана орманнан от шықпайды.
Олжас Керейхан, тілші:
2011 жылы да Риддер орман шаруашлығында алапат өрт болып, ол кезде 200 гектар жер күлге айналған. Дегенмен орманшылардың ерінбей еткен еңбегінің нәтижесінде қазір ол қайта қалпына келді. Сол кезде еккен мынадай кішкентай көшеттер,қазір адамның бойынан асады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы