Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
Семейде биыл өнімдерін экспортқа бағыттайтын ірі ет комбинаты қолданысқа беріледі. Қазір оның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Одан бөлек ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірнеше қуатты өндіріс жұмыс істеп тұр. Семейге жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірде іске асып жатқан тың жобаларды көріп, агроөнеркәсіптік кешеннің жұмысымен танысты.
Үкімет басшысының орынбасары облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округіндегі «Eurasia Agro Semey» ЖШС базасында салынып жатқан ет комбинатының құрылысымен танысты.
Кәсіпорын болашақта – етті қайта өңдеу, консервілеу және азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысады. Өндірістік қуаттылығы бір ауысымда 100 бас ірі қара , 1000 бас ұсақ мал союға, 3 тонна шұжық және 5 тонна консерві өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Жалпы өндірістік қуаттылығы – 11 400 тонна дайын өнім шығару.
Қанат Қалиев, «Eurasia Agro Semey» ЖШС бас директоры:
1-ші сентябрьге дейін бітіретін жоспарымыз бар. Көп хозяйство, откоромочный площадкалармен, бордақылау площадкалармен бізде келісімдеріміз бар. Мал дайын. Бастағанға, ары қарай жұмыс істегенге, Жаңа жылға дейін жоспарлап қойдық.
Жобаның инвестиция құны 7,7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Қазіргі уақытта әкімшілік-тұрмыстық корпус, негізгі өндірістік цех және қазандық бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық іске қосылғаннан кейін 250 жаңа жұмыс орны ашылады.
Кәсіпкерлерге қолдау көрсететін фронт-офис 12 өңірде жұмыс істеп тұр
Премьер-министрдің орынбасары - Серік Жұманғарин:
Абай облысында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мобильді фронт-офисі жұмысымен танысты.фронт-офисте кәсіпкерлер субсидия, жеңіл несие, микрокаржы, лизинг, экспорттық жобаларды қолдау құралдары бойынша ақпарат пен кеңес алады.
Фархат Сарсекеев, «Даму» қорының басқарма төрағасы:
Егер одан кейін кәсіпкерлердің өтінішітері болса, қабылдап, қалаға келмей-ақ, райцентрлардың өтініштерін қабылдап, қарастырып, сондай мақсат бар.
Осы сынды мобильді фронт-офистер еліміздің 12 өңіріне жетіп үлгерген. Сондай-ақ Серік Жұманғарин өңірге сапарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Семей қаласы кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы